Өзбекстан мен Венгрия арасында тікелей әуе рейсі жолға қойылады
Өзбекстан мен Венгрияның астаналары арасында тікелей әуе қатынасы тамыз айында басталады.
Ташкент пен Будапешт арасындағы тікелей рейстерді Qanot Sharq әуе компаниясы жүзеге асырады.
Qanot Sharq әуе компаниясы бұл бағыттағы рейстерді 2023 жылдың 20 тамызынан бастап орындайды.
Бұл бағыттағы рейстер Airbus A320 ұшағымен жүзеге асырылады.