Өзбекстан мен Венгрия басшылары арасында шағын құрамда кездесу өтті.
Президент Шавкат Мирзияев ресми сапармен келген Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанды қарсы алып, бұл екі ел арасындағы қатынастарда жаңа дәуір ашатынын атап өтті.
Кездесуде Виктор Орбан Өзбекстанға келгеніне ризашылығын білдіріп, Венгрия Өзбекстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Келіссөздерде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланып, тараптар өзбек-венгр қатынастарын өзара сенім мен кең ауқымды мүдделерге негізделген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге дайын екендіктерін растады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға, өзара қызығушылық тудыратын жаңа бағыттарды іске қосуға, іскер топтар мен аймақтар арасындағы байланыстарды қолдауға келісті.
Екі жақтың өзара қызығушылық тудыратын халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасу мен бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайтуға деген көзқарастар мен тәсілдер расталды.