Өзбекстан мен Украина екі елдің кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру мәселесін пысықтауда
ӨР Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахром Алоев Украинаның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Николай Дорошенконы қабылдады.
Кездесу барысында өзбек-украин ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселелері талқыланды.
Сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі кеңейту, екі елдің кәсіпкерлік субъектілеріне өзара жеңілдіктер мен преференциялар беру перспективалары туралы пікір алмасылды, делінген хабарламада.