Өзбекстан мен Тәжікстан туризм саласында екіжақты 40-тан астам меморандумға қол қойды.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің хабарлауынша, 5-7 мамыр аралығында Тәжікстанның Ходжент және Панджикент қалаларында инфотур ұйымдастырылды.
Инфотурдың негізгі мақсаты екіжақты ынтымақтастықты орнату және туроператорлардың жаңа туристік нарыққа шығуы үшін жаңа бағыттарды ашу болып, оған Өзбекстанның 30 туроператорынан тұратын делегация қатысты.
Сапар барысында Ходжент пен Панжикент қалаларындағы ең беделді қонақүйлер мен санаторийлердің жағдайымен танысып, тарихи орындар, көрікті жерлер туралы толықтай ақпарат алынды.
Сонымен қатар, осы нысандарға турлар ұйымдастыратын туроператормен басқосу кезінде пікір алмасылып, өзара тиімді байланыстарды кеңейту мақсатында туризм саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Тәжікстанның туристік орындарын аралау және конференциялар кезінде екі тарап үшін B2B кездесулері ұйымдастырылып, соның нәтижесінде Өзбекстан мен Тәжікстанның туроператорлары ынтымақтастық туралы 40-тан астам меморандумға қол қойылғаны айтылады хабарламада.