Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
16:51 / 2023-01-12

2023 жылдың 11 қаңтарында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі м.а. Бахтиёр Саидов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті.

СІМ мәліметінше, сұхбат басында Тәжікстан СІМ басшысы Б.Саидовты жоғары жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында өзбек-тәжік достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарының қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту перспективалары талқыланған.

«Екі ел президенттері қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты. Өзбекстан мен Тәжікстан екіжақты саяси диалогты жалғастыруға және халықаралық институттар аясында бір-бірін қолдауға дайын екендігі атап өтілді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сұхбат барысында жоғары деңгейде жоспарланған іс-шаралардың кестесі мен түрлі аспектілері қарастырылған.