Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
12:57 / 2022-07-24

24 шілде күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Тәжікстан басшысы Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, бақ-береке және толағай табыстар тіледі.

Екіжақты күн тәртібінің және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Осы жылдың 2-3 маусымы аралығында Тәжікстан Президентінің Өзбекстанға жасаған ресми сапарының қорытындысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша «жол картасын» дер кезінде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Ең алдымен, энергетика саласындағы ынтымақтастық жобаларын жеделдетуге ерекше назар аударылды.

2022 жылдың қыркүйек айында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқанд саммитіне дайындық мәселелері сөз болды.