13 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Мемлекет басшылары бір-бірін және бауырлас Өзбекстан мен Тәжікстан халықтарын қасиетті Рамазан мерекесімен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Тараптар Өзбексатн – Тәжікстан достығын, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Президенттер алдағы Жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударды және осы аптада Ташкентте Премьер-Министрлердің төрағалығымен өтетін үкіметаралық бірлескен комиссияның кезекті отырысында басты міндет ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа «өсу нүктелерін» табу екендігі атап өтті.
Келіссөздер барысында Көшбасшылар аймақтық ынтымақтастықтың практикалық аспектілерін де талқылады. Осыған байланысты тараптар Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде тәжік-қырғыз шекарасындағы ахуалдың тұрақтануын жақсы бағалады.