English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
11:45 / 2020-12-30

Бүгін, 30 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттер әнгіме әуелінде бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, бауырлас Өзбекстан мен Тәжікстан халықтарына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Тараптар екіжақты қатынастарды және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылады және Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың басым міндеттерін айқындады.

Тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, заманауи қатерлер мен сын-қатерлерге қарсы тұруға ерекше назар аударылды.

Тәжірибелік ынтымақтастықты тереңдету, соның ішінде сауданы ұлғайту, бірлескен ынтымақтастық жобаларын ілгерілету, аймақаралық және мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту туралы келісімдер жасалды.

Мемлекет басшы бауырлас ел көшбасшысы Тәжікстан Президентіне 2021 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне сәттілік тіледі.