Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары телефон арқылы сөйлесті
11:21 / 2021-07-24

24 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Тәжікстан Президенті Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, көп ұлтты Өзбекстан халқына бейбітшілік және өркендеу тіледі.

Әңгімелесу барысында осы жылдың 10-11 маусымында Тәжікстан Республикасына жасалған ресми сапар барысында қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері қаралды.

Тараптар аймақтық күн тәртібі, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ, өткен аптада Ташкентте өткен Орталық және Оңтүстік Азия өзара тәуелділігі жөніндегі халықаралық конференцияның нәтижелері жоғары бағаланды.

Президенттер келесі айдың басында Түркіменстанда аймақ басшыларының келесі саммитіне және осы жылдың қыркүйегінде Тәжікстанда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.