Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Душанбеге сапары Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуден басталды.
Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

Жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асырудың практикалық аспектілеріне, ең алдымен, экономиканың басым секторларындағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге және мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламасын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Бұл тұрғыдан бірлескен Үкіметаралық комиссияның тиімді қызмет атқарып жатқаны атап өтілді.

Кездесуде Мемлекет басшылары Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуі мен Аралды құтқару халықаралық қоры саммитінің күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың басқа да аспектілері талқыланды.


