Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы сауда көлемі 1 миллиард долларға жетеді
11:58 / 2021-05-17

Тәжікстан үкіметтік делегациясының Өзбекстанға сапары барысында Өзбекстан Премьер-Министрдің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда министрі Завки Аминмен келіссөздер өткізді.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан мен Тәжікстан іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату үшін бірлескен бизнес форумдар өткізу бастамасы мақұлданды.

Екіжақты сауданың тұрақты өсуінің нәтижесінде бұл көрсеткіш соңғы төрт жылда төрт еседен артқан. Тауарларды жеткізуде географиялық жақындық пен көлік шығындарының төмен болуына байланысты өзара сауданы ұлғайтуға мол мүмкіндік бар екендігі айтылып, арадағы техникалық кедергілерді алып тастау арқылы екіжақты сауданы алдағы жылдары 1 миллиард долларға дейін арттыру бойынша практикалық келісімге қол қойылды, делінген хабарламада.

Тараптар сондай-ақ макроэкономикалық болжау, цифрлық экономиканы дамыту және электрондық коммерция саласында ынтымақтастық туралы уағдаласты. Екі елдің тиісті министрліктері мен ведомстволарының сарапшылары қысқа мерзімде тауар айналымын кеңейту және өндірістік ынтымақтастықты дамыту үшін «жол картасын» әзірлеуге кіріседі деп жоспарлануда. Кездесу соңында тараптар Өзбекстан Президентінің ағымдағы жылдың маусым айында Тәжікстанға сапарының күн тәртібі бойынша жұмысты жалғастыру және күшейту туралы уағдаласты.