Өзбекстан мен Түркіменстан СІМ басшылары маңызды құжатқа қол қойды
Өзбекстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған екі маңызды құжатқа қол қойылды.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан сыртқы саясат басшысы Бахтиёр Саидов пен Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов қатысқан келіссөздер нәтижесінде 2025-2026 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасы және шарттық-құқықтық базаны инвентаризациялау және жетілдіру туралы құжат бекітілді.
«Сұхбат барысында халықаралық ұйымдар аясында бір-бірінің кандидатураларын қолдау туралы вербалды нота да алмасылды.
Бұл қадамдар өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және достық қарым-қатынастарды нығайтуға деген ортақ ұмтылысты білдіреді», делінген хабарламада.