Өзбекстан мен Түркіменстан Президенттері «Түркіменбасы рухы» мешітінде болды
29 сәуірде Түркіменстанға жұмыс сапарымен барған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Ашхабад қаласында Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және екі ел муфтилерімен «Түркіменбасы рухы» мешітіне барды.

Онда, бауырлас халықтарды байланыстыратын қасиетті дінімізге сәйкес Құран оқылып, Түркіменстан басшысының марқұм әкесі Маликгули Бердымұхамедовтың рухына дұға оқылды.
