Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркіменстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
20:25 / 2020-12-11

11 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы Түркіменстанның көшбасшысын және бауырлас түркімен халқын елдің Бейтараптығының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, оларға бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Президенттер Өзбекстан мен Түрікменстан көп ғасырлық достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарының жоғары деңгейіне жеткенін және бүгінде олар қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен айтып, екіжақты ынтымақтастықтың және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылады.

Сауда, өндірістік кооперация, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және транзит, аймақаралық байланыстар мен гуманитарлық бағдарламалар сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастықтың басымдықтары айқындалды.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл үшін практикалық байланыстар орнатуға және бірлескен зерттеулер жүргізуге келісілді.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сөзсіз жүзеге асыруда Біріккен үкіметаралық комиссияның тиімді жұмысы мен ведомствоаралық диалогтың маңызды рөл атқаратындығы атап өтіліп, Мемлекет басшылары әлемдегі ахуал туралы пікір алмасты және БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде дәстүрлі тығыз диалог пен өзара қолдауды жалғастыруға келісті.

Екі ел басшылары сұхбат барысында аймақтық ынтымақтастықтың келешегіне тоқталып, алдағы ТМД саммитіне дайындық мәселелерін де сөз етті.