English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркіменстан Президенттері келіссөз жүргізді
14:52 / 2023-08-04

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ашхабад қаласында Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді.

Кездесуде Мемлекет басшылары бауырлас халықтар арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік қарым-қатынасқа негізделген Өзбекстан-Түркіменстан стратегиялық серіктестігін тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Практикалық ынтымақтастықтың барлық бағыттар бойынша кеңейіп жатқаны атап өтілді.

Жоғары деңгейдегі келісімдер сәтті жүзеге асырылуда. Үкіметтер, министрліктер мен ведомстволар арасындағы қарым-қатынас жүйелі түс алған.

Өзара тауар айналымының көлемі артып, экономиканың түрлі салаларындағы тиімді ынтымақтастық кеңейіп келеді. «Шавот-Тошовуз» бірлескен сауда аймағын тезірек пайдалануға беру керектігі айтылды.

Бірлескен ынтымақтастық жобаларын ілгерілетудің, өңірлер арасындағы алмасудың және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытудың маңыздылығы сөз болды.

Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасылды.