Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркіменстан басшылары аймақ басшыларының саммитіне дайындықты талқылады
12:54 / 2021-07-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 шілдеде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпе телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат әуелінде Түрікменстан көшбасшысы Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік пен гүлденуді тіледі.

Тараптар Өзбекстан - Түркіменстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық, ең алдымен, сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық салаларда қарқынды дамып келе жатқандығы айтылып, Бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізуге келісті.

Сондай-ақ, Президенттер ағымдағы жылдың 6 тамызында «Аваза» ұлттық туристік аймағында өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне дайындық мәселелеріне баса назар аударды. Тараптар алдағы іс-шараның күн тәртібі мен бағдарламасы туралы пікір алмасты.

Түрікменстан Президенті Өзбекстан басшысын Ташкентте Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланысты нығайтуға арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтады. Осы форумның тиімді нәтижелері кеңірек аймақтағы практикалық ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге жақсы негіз болатындығы атап өтілді.