Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркіменстан автокөлікпен жүк тасымалдауды қалпына келтіруді қарастырды
16:58 / 2022-08-11

Өзбекстан мен Түркіменстан автокөлікпен жүк тасымалы үдерісін толық қалпына келтіруге және жүк тасымалдау талаптарын жеңілдетуге мүдделі екенін растады.

Кездесуде Өзбекстан тарапы түркімен тарапына автомобильмен халықаралық жүк тасымалымен айналысатын өзбекстандық жүргізушілерге Түркіменстанға кіру визасын беру талаптарын жеңілдету туралы ұсыныс жасаған.

Тараптар теміржол және авткөлікте жүк тасымалдау көлемін ұлғайту мақсатында көлік дәліздерін дамыту бағытында ынтымақтастықты кеңейту жөнінде де пікір алмасты.

Өзбекстан «Түрікменбасы» порты арқылы өтетін көлік дәліздерінің бүкіл аймақ үшін маңызды екенін және бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті. Тараптар транзиттік бағыттардағы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, тасымалдау шығындарын азайту мақсатында жеңілдіктер беру мақсатында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту шараларын қабылдауға келісті.

Кездесу барысында Өзбекстан тарапы елдер арасындағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жұмыстарын жандандыруды ұсынды және тараптар Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Оман көлік дәлізінің барлық қатысушыларымен Ашхабад келісімі аясында жұмысты жандандыруға келісті, делінген «Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарында.