Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы өсті
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға өсіп, 322,6 миллион АҚШ долларын құрады.
«Business Turkmenistan» порталының хабарлауынша, осы кезеңде Өзбекстан Түркіменстаннан 259,6 миллион доллардың өнімін импорттаса, экспорты 62,9 миллион долларды құрады. Осылайша, 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Түркіменстан Өзбекстанның ең ірі сыртқы сауда серіктестерінің ондығына енді, делінген ақпаратта.
2022 жылдың соңғы бес айында Өзбекстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі Қытай мемлекеті болды. Өзбекстан мен Қытай арасында 3,8 миллиард долларлық сауда-саттық жүргізілген.
2021 жылы Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 881,9 миллион долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 61 пайызға көп.