Жоғары деңгейдегі Өзбекстан-Түркіменстан келіссөздерінің соңында «Куксарой» резиденциясында құжатқа қол қою рәсімі өтті.
Шавкат Мирзияев пен Сердар Бердімұхамедов бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Онда қол жеткізілген негізгі уағдаластықтар бекітіліп, екі ел арасындағы көп қырлы өзара тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейту мен нығайтудың ұзақ мерзімді мақсаттары белгіленді.
Мемлекет басшыларының қатысуымен екі елдің министрліктері мен ведомстволарының басшылары келісімдерге қол қойды. Барлығы 19 құжатқа қол қойылды, оның ішінде:
- Көлік және транзит саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім;
- Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Амудария су ресурстарын басқару, қорғау және тиімді пайдалану туралы келісім;
- Бастамашыл ғылыми-зерттеу жобаларының бірлескен байқауын өткізу туралы келісім;
- 2022-2025 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бағдарламасы;
- 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасы;
- Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
- Өзбекстан-Түркіменстан шекарасы сауда аймағы - Сауда орталығын құру және оның қызметін реттеу туралы Үкіметаралық келісімнің ережелерін іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспары.
Сондай-ақ химия секторы, кеден, темір жол, мұражай, әділет, жастар саясаты, телерадио хабарларын тарату және басқа да салалардағы ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.