Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасы түгенделді
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі мен Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын (2022 жылдың 14 шілдесі, Ташкент қаласы) жүзеге асыру шеңберінде 13-14 сәуірде Самарқандта Өзбекстан-Түрікменстан қарым-қатынастарының құқықтық негізі инвертаризациялауға арналған СІМ аралық кезекті отырысы өтті.
СІМ мәліметінше, тараптар ағымдағы шарттық-құқықтық базаның ағымдағы жай-күйін және тараптарды қызықтыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін жаңарту және кеңейту мәселелерін талқылады.
«Екі елдің халықаралық шарттарды жасау және жүзеге асыру, жалпы халықаралық құқықтық нормаларды қалыптастыру тәжірибесіне назар аударылып, сондай-ақ алдағы екіжақты шаралар аясында әзірленіп жатқан және қабылдануы жоспарланған құжаттар бойынша ақпарат алмасылды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ халықаралық шарттарды жариялау, олардың бірыңғай электронды есепке алу және мұрағаттау тәртібі талқыланған.
Ведомство дерегінше, кеңес қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.