Өзбекстан мен Түркияның бас прокуратуралары арасында өзара түсіністік меморандумы жасалды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, ташкентте Өзбекстанның бас прокуроры Нығматилла Юлдашев пен Түркия Жоғарғы кассациясы Бас прокуроры Бекир Шахинмен кездесу өтіп, тараптар өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымын талқылап, ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Кездесуде екі тарап өзара түсіністік меморандумға қол қойды. Бұл құжат прокуратура органдарының қызмет бағыттары бойынша озық тәжірибе алмасу арқылы екіжақты әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге қызмет ететіні айтылды.
Жиын соңында ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Бекир Шахин «Өзбекстан прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Кездесуден соң Түрік делегациясы Бас прокуратураның музейі мен академиясында болып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап салынған «Жаңа Өзбекстан» саябағына барды.