Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия Президенттері телефон арқылы сөйлесті
17:35 / 2021-02-26

26 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Түркия Президентін туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық және үлкен табыс, сондай-ақ бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі. 

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, жоғары деңгейдегі тұрақты келіссөздер пандемияның күрделі жағдайында көп қырлы өзбек-түрік ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтауға қызмет етіп келе жатқаны айтылды.

Өзбекстан Президенті Түркия үкіметі тарапынан Өзбекстанда коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте көрсеткен көмегі мен практикалық жәрдемі үшін әріптесіне алғыс айтты.

Өзара тауар айырбастау және инвестициялар көлемін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығы, оның ішінде Преференциалды сауда туралы келісімді тез дайындап қабылдау екені сөз болды. Инвестициялық ахуалды жақсарту, аймақтардың жедел индустриялық дамуы, арнайы экономикалық аймақтарды тиімді ұйымдастыру бойынша Түркияның озық тәжірибелерін зерделеу және енгізу бойынша ынтымақтастық жандана түсуде.

Мемлекет басшылары білім, кинематография, мәдениет және туризм саласындағы бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. 

Сондай-ақ, алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты және көпжақты іс-шаралар мен диалогтардың жоспарларын талқылай отырып, экономикалық ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитіне дайындықтың пысықталуы қаралды.