Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия парламеттері ынтымақтастық туралы мәлімдемеге қол қойылды
16:39 / 2025-04-25

Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаеваның Түркия Республикасына ресми сапары аясында Анкара қаласында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті.

Кездесуде Өзбекстан мен Түркия басшылары арасындағы берік саяси ерік-жігер мен достыққа негізделген байланыстардың арқасында екі ел қарым-қатынасы жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгені атап өтілді.

Парламенттер қазіргі таңда мемлекетаралық ынтымақтастықты тереңдетуде маңызды рөл атқаруда. Жоғары деңгейдегі келісімдердің орындалуын қадағалау, тиісті комитеттер мен достық топтары арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту мәселелері күн тәртібінде тұр.

Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар, әсіресе білім беру және туризм салаларындағы серіктестікті кеңейту, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуды жандандырудың маңыздылығы айтылды. Түркітілдес мемлекеттердің парламенттері мен Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықты тереңдету жайы да кеңінен талқыланды.

Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі арасында парламенттер арасындағы байланысты жаңа белеске көтеретін ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Бұл құжат тек екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтып қана қоймай, бүкіл аймақ үшін тұрақтылық пен өркендеуге қызмет ететін маңызды дипломатиялық қадам саналады.

***

Сапар барысында делегация мүшелері Түркия парламентінің кітапханасына барып, онда Өзбекстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі даму жолына арналған кітаптар және басылымдармен танысты. Танзила Нарбаева ханым Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Сонымен қатар, ол Түркия Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік мәңгілік тыныс тапқан «Аниткабир» мемориалдық кешеніне барып, ұлы қайраткердің қабіріне гүл шоқтарын қойып, рухына құрмет көрсетті.