English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия басшылары екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады
14:32 / 2022-10-13

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізді.

Кең ауқымды стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру, Өзбекстандағы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үдерісіне жетекші түрік компанияларының қатысуына ерекше назар аударылды.

Белсенді гуманитарлық алмасуларды, ең алдымен, мәдениет және білім беру салаларында жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

2022 жылдың қараша айында Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына дайындық мәселелері талқыланды. «Өзбекстан-Түркия-Әзербайжан» форматындағы министрлердің кезекті кездесулері аясында тиімді байланыстарды кеңейту келісілді.