Өзбекстан мен Таиланд арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 30 жыл болды
2022 жыл 6 мамыр күні Өзбекстан Республикасы мен Таиланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды.
Осыған орай Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов Таиланд Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Дон Прамудвинайды құттықтады.
Құттықтау хатта Өзбекстан мен Таиландтың соңғы жылдары екіжақты және халықаралық құрылымдар аясында түрлі салаларда жемісті қарым-қатынастар орнатқаны атап өтілген.
Тараптар екі ел халқының игілігі үшін мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайтуда белсенді ынтымақтастыққа мүдделілік танытқаны айтылады СІМ хабарламасында.