Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
12:38 / 2020-10-05

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 қазан күні Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және жаңа жетістіктер тіледі.

Президенттер екі ел арасындағы ғасырлар бойғы жалғасып келе жатқан достық пен тату көршілік байланыстарына, ортақ тарихқа, мәдениет пен дәстүрлерге негізделген стратегиялық серіктестіктің қазіргі деңгейін үлкен қанағаттанушылықпен айтып, бүгінгі таңда өте өзекті болып тұрған коронавирустық жағдай тоқатлып бұл мәселеде аурудың таралуына байланысты күрделі кезеңде пандемияның зардаптарын жоюға өзара көмек көрсетілуде. Тәжіксатн тарапы осы қауіпті аурумен күресте көрсетілген практикалық көмек үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары өткен айда өткен бірқатар екіжақты шаралардың тиімді нәтижелерін жоғары бағалады. Атап айтқанда, Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы және бизнес-форум, ғылыми-практикалық конференция, парламентшілер мен зиялы қауым өкілдерінің кездесулері сәтті өткені мен бірлескен өндіріс орындары және әлеуметтік нысандар ашылуы да сырт қалған жоқ.

Президенттер екі ел үкіметіне жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуді және алдағы саммиттің жаңа күн тәртібін жан-жақты дайындау үшін «жол картасын» әзірлеуді тапсырып, тараптар халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сұхбат соңында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға елдің саяси өміріндегі негізгі оқиға - 11 қазандағы президенттік сайлауына сәттілік тіледі.