Өзбекстан мен Тәжікстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Сұхбат аясында Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты мәселелер де талқыланды
5 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары екіжақты тату көршілік қатынастарды және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады және практикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары жөнінде сөз айтты.
Эпидемиологиялық жағдайдың дамуын бақылауға және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тиімді шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылған осы сұхбат аясында, екі елдің үкіметтеріне осы қауіпті аурумен күресте үйлестіруді күшейтіп, тығыз ынтымақтастықты жалғастыру тапсырылды.
Пандемияның Өзбекстан -Тәжікстан сауда-экономикалық қатынастарына жағымсыз салдарын болдырмау үшін сақтық шараларын қабылдау және барлық мәселелерді жедел шешу қажет екендігі айтылумен қатар екіжақты сауданың жоғары өсу қарқынын ұстап тұру, көлік байланыстарын қамтамасыз ету, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа салалардағы басым жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бірлесіп әзірлеу үшін тиісті министрліктер мен ведомстволар арасында үнемі бейнеконференцияларды өткізу маңызды екендігі айтылды.
Сондай-ақ, Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты мәселелер де талқылап, сұхбат барысында Өзбекстан және Тәжікстан президенттері халықаралық маңызды бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Әңгіме, әдеттегідей, шынайы, сындарлы және достық рухта өтті.