Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Тәжікістан Президенттері кездесу өткізді
17:37 / 2019-04-25

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев бүгін Бейжің қаласында Тәжікістан Президенті Эмомали Рахмон мен кездесті.


Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев бүгін Бейжің қаласында Тәжікістан Президенті Эмомали Рахмон мен кездесті.

Президенттер соңғы жылдары сапа жағынан жаңа деңгейге жоғарылаған көпқырлы Өзбекстан – Тәжікістан ынтымақтастығы нығайып келе жатқанын ерекше атап өтті.

photo5334753933647784513.jpg

Сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Екіжақты сауда-саттықты ары қарай дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселесі де талқыланды.

Өткен жылы Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың тарихи кезеңі өзара мемлекеттік сапарлардың нәтижесінде стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгені атап өтілді. 

Осы жұмыстың нәтижесінде екіжақты сауда айналымының көлемі айтарлықтай өсті, аймақаралық және гуманитарлық қатынастар бекемделіп бара жатқаны айтылды.

Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға деген ұмтылыстарын атап өтті.

Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметі хабары.