Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия Президенттері келіссөздер өткізді
21:17 / 2020-02-19

Қарсы алу салтанатынан соң Мемлекет басшылары шағын форматта кездесу өткізді


Түркия Республикасы Президентінің сарайында Өзбекстан Республикасы Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтіп, онда Жоғары мәртебелі мейман құрметтіне сап тартқан күзетші алдынан Шавкат Мирзияев пен Режеп Тайып Ердоған жүріп өтіп тұғырға көтерілген соң Өзбекстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалды. 

Қарсы алу салтанатынан соң Мемлекет басшылары шағын форматта кездесу өткізіп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. 
 
Соымен қатар, жаңа жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тұрақты отырыстарын өткізу қажеттілігі айтылды. Көлік байланысын кеңейтудің және Түркия арқылы Еуропаға мультимодальды халықаралық тасымалдаудың маңыздылығы мен Өзбекстанда қазіргі заманғы бірлескен клиникалар мен диагностикалық орталықтар құру, шағын бизнес және тоқыма өнеркәсібі сияқты бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар қаралды.


Интенсивті бау-бақша, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы салаларында Түркияның озық тәжірибесіне назар аударту, университеттер және ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер жасау жайлы сөз болып, тараптар аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.