Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркия қатынастары тарихында жаңа диалог форматы
08:08 / 2020-02-20

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары


19 ақпан күні Анкара қаласында Өзбекстан мен Түркия арасындағы екіжақты стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы өтіп, оның қорытындысы бойынша екі ел Президенттері Стратегиялық ынтымақтастық бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

zbekiston_turkiya_munosabatlari_tarikhida_yangi_mulo_ot_form.jpg

БАҚ-қа арналған брифингте Реджеп Тайып Ердоған Өзбекстан Президентінің сапарына қуанышты екенін жасырмай, «өз білімінің арқасында әлемге ізгілік нұрын шашқан Имам Бұхари, Имам Мотуруди, Али Кушчи, Әлішер Науаи сынды ұлы тұлғалардың топырағынан жеткізген сәлемді осы азаматтардың сапары біз үшін өте қадірлі де қымбат. Біз Өзбекстанмен қарым-қатынасымызды берік бауырластық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік деңгейінде болғанынан қуаныштымыз», - деді Түркия Президенті.


Президент Шавкат Мирзияев өзбек-түрік стратегиялық серіктестік кеңесінің алғашқы отырысы достық қатынастар тарихында жаңа беттік бөлім ашқанын айта келе, «бауырлас халықтарымыздың дамуы, бейбіт және тыныш өмірі жолында өркендеп келе жатқан дәстүрлі достықты, жан-жақты және болашаққа бағытталған ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға дайынбыз. Міне осы ұстанымдардың баршасы біздің диалог соңында қол қойылған Бірлескен мәлімдемеде көрсетілді»- деді Мемлекет басшысы.


Аймақтық және халықаралық мәселелерге, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Түркітілдес мемлекеттер Кеңесі аясындағы ынтымақтастыққа деген көзқарастары ортақ екендігі айтылып, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы күресте диалогты күшейту керектігі жайлы да сөз болды.


Ресми іс-шаралардың соңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен оның зайыбы құрметіне Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі тарапынан қабыл рәсімі өтіп, олар бірге суретке түсіп, шынайы сұхбат құрды.

zbekiston_prezidenti_tashrifi_sharafiga_abul_marosimi_tkazi.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Жиынның толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.