Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркіменстан президенттері телефон арқылы сөйлесті
18:26 / 2020-06-29

Әңгіме, әдеттегідей, жылы көңілді әрі достық рухта өтті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 29 маусымда Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және үлкен жеңістер тіледі.

Осы сұхбат аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылап, өзара тиімді практикалық байланыстарды, әсіресе сауда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және транзит, туризм салаларында одан әрі кеңейту қажеттілігі сөз болды.

Президенттер Өзбекстан - Түркіменстан достық қарым-қатынасы жайлы, тату көршілік және стратегиялық серіктестік тұрақты дамып келе жатқандығын айтып, шекаралас аудандар арасындағы белсенді байланыстарды жалғастыру, сондай-ақ білім беру және мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту идеясын қолдады.

Екіжақты үкіметаралық комиссия аясында ынтымақтастық туралы бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Президенттер коронавирустық инфекцияның таралуымен тиімді күресу үшін тиісті ведомстволар деңгейінде тығыз диалог пен үйлестірудің маңыздылығын айтты және сұхбат соңында екі мемлекет басшылары бауырлас Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы қатынастарды жан-жақты дамыту мен нығайтуға екі тараптың да ұмтылысын растады.

Әңгіме, әдеттегідей, жылы көңілді әрі достық рухта өтті.