Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркіменстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
14:44 / 2020-03-27

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары


Бүгін, 27 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде екі елде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды талқылады.

Тиісті органдар мен ұйымдар арасындағы өзара тәжірибелік көмек бойынша ең алдымен шекаралас аудандардағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау бойынша тығыз жұмыс жүргізіліп жатқандығын сөз етті.

Пандемияның сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық және басқада салалардағы Өзбекстан - Түркіменстан қатынастарына теріс әсерін болдырмау бойынша белсенді бірлескен шараларды жалғастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Президенттер бірлесе жасаған күш-жігер барлық сынақтар мен жаңа қауіп-қатерлерді сәтті еңсеруге, Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға қызмет ететініне сенім білдіріп, аймақтық ынтымақтастық және халықаралық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.