Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Түркіменстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
13:53 / 2020-05-06

Әнгімелесу аясында еліміздегі Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты мәселелер қозғалды


Бүгін, 6 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында Мемлекет басшылары достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестікке негізделген көпжақты Өзбекстан -Түркіменстан қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағы талқылап, сауда, энергетика, көлік және транзит, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы саласындағы практикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқаны мен бірге тиімді ведомствоаралық қатынастар орнағанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Ынтымақтастықтың басым жобаларын ілгерілету бойынша екіжақты үкіметаралық комиссия аясында бірлескен күш-жігерді белсенді түрде жалғастыруға қол жеткізілді.

Әнгімелесу аясында еліміздегі Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысты мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай туралы сөз айтылып, осы қауіпті дерттің алдын-алу, сондай-ақ осы қиын-қыстау күндерде ұлттық экономика мен халықты қолдау бойынша бауырлас елдер арасында қабылданған шаралар толығымен қолдауға тапты.

Президенттер тиісті министрліктер мен ведомстволарға вирусқа қарсы тиімді күрес жүргізуде үйлестіру мен ынтымақтастықты күшейтуді тапсырды және халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін де талқылады.

Әңгімелесу әдеттегідей көтеріңкі, ашықта жарқын достық рұхта өтті.