Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Сомали дипломатиялық қатынастар орнатты
16:48 / 2025-02-06

5 ақпан, сәрсенбі күні Нью-Йорк қаласында Өзбекстан мен Сомали арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюнике рәсімделді.

«Дунё» агенттігінің хабарлауынша, құжатқа екі ел үкіметтері атынан Өзбекстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ұлықбек Лапасов пен Сомалидың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Абукар Дахир Осман қол қойды.

Тараптар БҰҰ және оның мамандандырылған институттары аясында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендіктерін растады.

Сондай-ақ, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді серіктестік бағыттарын анықтау мақсатында екіжақты байланыстарды жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

«Бұл құжатқа қол қойылуы Өзбекстан мен Африка елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды», – делінген агенттік хабарламасында.

Осылайша, Сомали Федеративтік Республикасы Өзбекстанмен дипломатиялық қатынас орнатқан 157-ші елге айналды.

Айта кетейік, 2024 жылы Өзбекстан Африка, Америка және Еуропаның 12 елімен дипломатиялық байланыс орнатты.