Өзбекстан мен Словения арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілді
Өзбекстан мен Словения Республикасы арасында экономикалық ынтымақтастық жүзеге асырылатын болады.
2023 жылдың 5 шілдесінде Мемлекет басшысының «Халықаралық келісімді бекіту туралы» қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес Өзбекстан мен Словения Республикасы Үкіметтері арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.
Бұл келісімге 2023 жылы 8 ақпанда Ташкентте қол қойылған.
Осы халықаралық келісімді жүзеге асыруға жауапты уәкілетті орган Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі болып белгіленді.
Министрлер Кабинетi, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың басшылары осы халықаралық келiсiм күшiне енгеннен кейiн оның ережелерiнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.