Өзбекстан мен Швеция еңбек миграциясы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Өзбекстан дипломаттары Стокгольмде Швецияның көші-қон агенттігінің өкілдері Матс Экхольм және Сара Нильсонмен кездесті.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында Өзбекстан мен Корольдік арасындағы еңбек миграциясы саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланып, Швецияда Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары үшін қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктері туралы пікір алмасылды.
Швеция тарапы Өзбекстанның Стокгольмдегі елшілігінің ашылуын құптады. Олардың пікірінше, бұл екі елдің жан-жақты ынтымақтастығын жандандыруға, сондай-ақ көші-қон саласындағы туындайтын мәселелерді жедел шешуге қызмет етеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша еңбек көші-қоны саласындағы Өзбекстан-Швеция ынтымақтастығын кеңейту мәселесін одан әрі зерделеу мақсатында тұрақты байланыстарды жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді, делінген хабарламада.