French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Сауд Арибиясы агенттіктері меморандумға қол қойды
12:02 / 2025-04-21

Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бақылау жөніндегі ұлттық басқармасының (NAZAHA) Президенті Мазин Әл-Кахмуспен кездесу өтті.

Агенттік директоры Акмал Бурхоновпен өткен кездесуде екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты күшейту, өзара тәжірибе алмасу бағыттары мен тетіктері талқыланды.

Мазин Әл-Кахмус Өзбекстанда бұл салада жүргізіліп жатқан маңызды реформаларды жоғары бағалап, бұл істер ел басшысының саяси ерік-жігерінің көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Өзбекстанның өңірдегі елдер арасында айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізіп жатқаны, бұл елдің халықаралық рейтингтер мен индекстердегі орнын жыл сайын жақсарта түскенімен дәлелденіп отырғанын жеткізді.

А. Бурхонов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды дамытуда халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Сауд Арабиясының осы саладағы озық тәжірибесімен жақын танысу Өзбекстанда жемқорлықпен күресте жаңа тетіктерді енгізуге кең мүмкіндік ашатынын айтты.

Кездесу аясында Өзбекстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен NAZAHA арасында екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалайтын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес саласындағы әріптестікті нығайтуды, сондай-ақ қатысушы тараптардың институционалдық әлеуетін дамыту мен арттыруды көздейді.

Тараптар бұл ынтымақтастықтың екі ел үшін де тиімді екенін атап өтіп, талқыланған бағыттар бойынша нақты міндеттер мен жоспарларды айқындап алды.