Өзбекстан мен Сауд Арабиясының СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
2023 жылғы 16 шілдеде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Аль Саудпен телефон арқылы сөйлесті.
СІМ мәліметінше, елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған өсім көрсеткені атап өтілді.
«Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында Өзбекстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығару үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді бағыттауға келісілді», делінген хабарламада.