Өзбекстан Республикасы сыртқы істер министрлігі қасындағы Миграция агенттігі мен Сауд Арабиясының Health Resources Company – HRCO компаниясы арасында маңызды келісім жасалды.
Екі тарапқа да тиімді бұл келісімнің мақсаты – Сауд Арабиясында орта буын медицина қызметкері ретінде жұмыс істеуге ниетті өзбекстандықтар осы елге заңды, қауіпсіз әрі ретті жүйеде жұмысқа орналаса алады.

HRCO (Health Resources Company) – Сауд Арабиясының денсаулық сақтау жүйесін орталықтандырылған түрде басқару бойынша жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалар аясында құрылған маңызды ұйым. Компания HR (адам ресурстары) операторы ретінде елдегі барлық мемлекеттік медицина мекемелері үшін бірыңғай кадр саясатын әзірлеп, оны орындаумен айналысады.

Миграция агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясында жұмыс істеуге ниет білдіріп, өтінім қалдырған 887 үміткердің ішінен сұхбатқа дайын деп бағаланған азаматтар үшін жұмыс берушілер қатысатын іріктеу кезеңі басталды.