Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасында тағы 10 құжатқа қол қойылды
18:31 / 2025-10-18

Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы Үкіметаралық комиссияның 7-отырысы және екі елдің Кәсіпкерлер кеңесінің 6-отырысы өтті.

Іс-шара Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Худжаев пен Сауд Арабиясының инвестициялар министрі Халид әл-Фалихтың тең төрағалығымен өтті.

Жиынға екі елдің мемлекеттік мекемелері мен іскер топтарынан 70-тен астам өкіл, соның ішінде «Acwa Power», «Al Muhaidib Group», «Vision Invest», «Al Arkkan», «Data Volt», «Riyadh Cables», «Saudi Tabreed», «AlBawani Holding», «Miahona» секілді ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша энергетика және жаңартылатын энергия көздері, туризм, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, инфрақұрылымдық құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және су шаруашылығы салаларында жалпы 10 екіжақты құжат пен жобаға қол қойылды.

Айта кету керек, екі ел арасындағы өзара сауда көлемі өткен жылы 142,4 миллион долларды құраса, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында бұл көрсеткіш 111,5 миллион долларға жетті. Қазіргі таңда Өзбекстанда Сауд Арабиясы капиталы қатысқан 27 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жалпы құны 27,2 миллиард долларды құрайтын 56 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Биылдың өзінде бұл әріптестік аясында 900 миллион доллардың инвестициясы игерілді.