Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков «Ресей теміржолдары» ААҚ Басқарма төрағасы - бас директоры Олег Белозеров бастаған ресейлік делегацияны қабылдап, келіссөздер өткізді.
Министрлік мәліметінше, кездесуде Ресейлік компанияның басшысы «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолының құрылысына қатысуға дайын екендігін білдіріп, бұл жобаның аймақтың экономикалық дамуы мен бірқатар елдердің транзиттік әлеуеті үшін маңызды екенін айтқа. Аймақтағы көлік коммуникациясының жаңа архитектурасын қалыптастыратын бұл жобаны жүзеге асыру Шығыс және Оңтүстік Азиядан ТМД мен Еуропаға және керісінше тасымалдау уақыты мен шығындарының параметрлерін 30 пайызға қысқаратыны белгілі болды.
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде және қаржыландыру тетіктерін әзірлеуде техникалық көмек көрсету үшін осы саладағы озық тәжірибесі мен технологиялары бар ресейлік мамандандырылған жобалау институттарын тартуға келісілген.

Теміржолды салу және пайдалануға беру туралы келісімде, тараптар оны одан әрі пайдаланудың практикалық аспектілерін біржола шешкен. Атап айтқанда, Ауғанстан теміржол саласы үшін кадрларды даярлау бағдарламасын бірлесіп жасаудың мақсатқа сай екендігі атап өтілді.
Сондай-ақ кездесуде, Ресей нарығына ауылшаруашылық өнімдерін жүйелі түрде жеткізуді жолға қою үшін Өзбекстан мен Ресей кәсіпкерлері арасында тікелей байланыс орнату арқылы өзара тасымал көлемін ұлғайту бойынша бірлескен шаралар қабылданатын болады.
Эпидемиологиялық ахуал жақсарған кезде Өзбекстан мен Ресей тұрақты жолаушылар теміржолы қызметін біртіндеп қалпына келтіруге бірлесіп дайындалуға келісті.