Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей сыртқы істер министрлері бір-бірін құттықтады
17:12 / 2022-03-17

2022 жылдың 20 наурызында Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Осыған орай Сыртқы істер министрлері Абдулазиз Камилов пен Сергей Лавров бір-бірін мерекемен құттықтады.

СІМ дерегінше, Абдулазиз Камилов өз хатында Ресей Өзбекстанның маңызды стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін атап өтіп, екі елдің арасында екіжақты және көпжақты негізде сындарлы диалог орнатылды. Өзара сенім мен сыйластық атмосферасы қалыптасты. 

«Соңғы жылдары парламенттік, сауда-экономикалық, көліктік, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық ауқымы айтарлықтай кеңейді. Басым бағыттар бойынша ірі бірлескен жобалар мен бағдарламалар сәтті жүзеге асырылды», - деді Өзбекстан Сыртқы істер министрі.

Өзбекстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестік әлеуетін тиімді жүзеге асырудағы бірлескен күш-жігері алдағы уақытта да екі елдің игілігі мен Орталық Азия аймағының мүдделеріне қызмет ететіні атап өтілген.

Өз кезегінде Сергей Лавров соңғы жылдары Өзбекстан-Ресей қарым-қатынастары саяси байланыстардың серпіні, парламентаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықтың қарқыны, халықаралық аренадағы диалог, өңіраралық қатынастарды дамыту тұрғысынан сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін айтқан.

Ресей тарапының одақтастық принциптеріне сүйене отырып өзара құрмет пен бір-бірінің мүдделерін ескеру рухында екі ел халықтарының игілігі, Орталық Азиядағы және бүкіл Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен тұрақты даму үшін Өзбекстанмен келісілген шараларды жалғастыруға дайын екендігі айтылған.