Өзбекстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
СІМ басшылары әлемдегі коронавируспен байланысты жағдай жөнінде сөйлесіп оның сауда-экономикалық қатынастарға теріс әсерін азайтуды талқылаған
2020 жыл 13 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбатта тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Өзбекстан - Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.
Сондай-ақ, министрлер әлемдегі коронавируспен байланысты жағдайына тоқталып, пандемияның сауда-экономикалық қатынастарға теріс әсерін азайту үшін тығыз ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін сөз еткен және әр түрлі деңгейдегі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы болашақ бірлескен іс-шаралардың кестесі, күн тәртібі, ұйымдастырушылық аспектілері қаралды.
Сыртқы істер министрлері Өзбекстанның ТМД-ға төрағалығы аясында қарастырылған шаралардың орындалуы туралы пікір алмасты, делінген Өзбекстан СІМ хабарында.