Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті
2019 жылыдағы өзара маңызды қарым-қатнастың практикалық нәтижелеріне қол жеткізгені және барлық деңгейлердегі диалогты арттырғаны жайлы сөз болды
12 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында мемлекет басшылары көпжақты Өзбекстан - Ресей ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын және стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың нығаюын сөз етіп, 2019 жылыдағы өзара маңызды қарым-қатнастың практикалық нәтижелеріне қол жеткізгені және барлық деңгейлердегі диалогты арттырғаны жайлы сөз болды.
Атап айтқанда, екіжақты сауда көлемі жоғары деңгейде тұрақты өсіп келеді. Бір жыл ішінде 500 бірлескен кәсіпорын құрылып, Ресейдің жетекші компаниялары мен банктері қатысуында экономиканың негізгі салаларында басым инвестициялық жобаларды іске асыруда. Білім және мәдени алмасулар кеңеюде.
Әңгіме барысында тараптар жоғары деңгейдегі шарлар жоспарын талқылады және Өзбекстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының күн тәртібін дайындауға, соның ішінде осы сапар аясында аймақтық және ректорлық конференцияларын, медиа-форумдар және басқа да іс-шаралар өткізуге ерекше назар аударылады.
Өзбекстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету жылында Өзбекстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың болашағы қаралып, тараптар сонымен қатар маңызды халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.