Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті
13:30 / 2020-10-07

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7 қазанда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Ресей басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт тілеп, достас Ресей халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Сұхбат аясында тараптар Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық және аймақтық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ биылғы шілде айында Мәскеуде өткен кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес болашақ жоғары деңгейдегі келіссөздерге дайындалу бойынша белсенді бірлескен жұмысты жалғастыруға ерекше назар аударылды.

Пандемияның жағадйына қарамай, өзара сапарлар өтіп жатқандығы, Өзбекстан мен Ресейдің жетекші компаниялары мен кәсіпорындары арасындағы инвестициялық ынтымақтастық пен сауда айналымының аясы кеңейіп келе жатқандығы қанағаттанушылықпен атап өтілді.

Өзбекстан Президенті коронавируспен күресте көрсетілген практикалық көмек үшін, атап айтқанда Ресейден дәрігерлер мен медициналық мамандардың үлкен тобын Өзбекстанға жібергені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшылары екі елдің министрліктері мен ведомстволары деңгейінде, соның ішінде осы айда өтетін Үкіметаралық комиссияның келесі отырысы аясында тығыз үйлестіру мен ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын айтып, мұнда ең әуелі көпжақты қатынастардың басым бағдарламалары мен жобаларын, іскерлік және аймақтық ынтымақтастықты нығайтудың ұзақ мерзімді «жол картасын» дайындауды жеделдетуді көздейді.

Президенттер аймақтағы орын алған жағдайды да талқылап, алдағы іс-шаралар жоспарын қарастырды.