Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті
14:31 / 2024-07-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен 24 шілде күні телефон арқылы сөйлесуінде Өзбекстан-Ресей жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Сұхбат басында Ресей басшысы Мемлекет басшысын туған күнімен шынайы құттықтап, зор денсаулық, амандық және толағай табыстар тіледі.

Ресей Федерациясы Президентінің биылғы жылғы 26-28 мамырда Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.