Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті
16:22 / 2024-03-23

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 23 наурызда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оған және достас Ресей халқына 23 наурызда Мәскеу облысындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында болған лаңкестік әрекетке байланысты көптеген адамдардың қаза болуына орай көңіл айтты.

Мемлекет басшысы көпұлтты Өзбекстан халқының атынан қаза тапқандардың отбасыларына тыныштық, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Жазықсыз адамдарға жасалған бұл қылмыс тағы да қатаң айыпталды.

Ресей басшысы, өз кезегінде, Өзбекстан Президентіне осы қиын кезеңде қолдау білдірген сөздері және қажетті көмек көрсетуге дайын екендігі үшін алғыс айтты. Елдеріміздің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына қатер төндіретін осы зұлым күшпен күресуде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.