Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті
18:47 / 2022-02-25

25 ақпанда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында Өзбекстан-Ресей ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жобаларды ілгерілетуді қарастырды.

Сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер, соның ішінде Украина төңірегіндегі жағдай бойынша пікір алмасылды.