Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7 мамырда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Майдан даласында жанқиярлықпен еңбек еткен халықтарымыздың ержүрек батырлығы ұрпақтың есінде мәңгі сақталатындығы баса айтылды.
Тараптар Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Коронавирус пандемиясымен байланысты күрделі жағдайларда екі елдің көпжақты ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқандығы да сөз болды.
Елдер арасындағы белсенді диалог барлық деңгейлерде жалғасуда, Ресейлік жетекші компаниялар мен банктердің қатысуымен Өзбекстан экономикасының маңызды салаларында ірі ынтымақтастық жобалары жүзеге асырылуда. Осы жылдың сәуір айында Ташкентте Ресейден сыр елде алғашқы «Иннопром» халықаралық ауқымды көрмесі өтті.
Парламентаралық алмасулар кеңейіп, білім беру және мәдени-гуманитарлық алмасу бойынша маңызды бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Келіссөздер барысында Президенттер халықаралық күн тәртібі және аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестік туралы пікір алмасты.
Мемлекет басшылары болашақ іс-шаралар жоспарлары да қарастырып, жоғары деңгейде өткізілетін кездесулердің күн тәртібін дайындауды белсенді түрде жалғастыруға келісті.