Өзбекстан мен Ресей Президенттері екіжақты өзекті мәселелерді талқылады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің 9 тамызда Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуі барысында Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және белсенді гуманитарлық алмасуды жалғастыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ екі Ел басшылары алдағы іс-шаралардың жоспарын қарастырып, алдағы уақытта бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын, Өзбекстан-Ресей аймақтық, білім және медиа форумдарын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.